Техастықтар шет жаққа қарай кетті

04.08.2020

2021 жылдың 17-26 маусымына жоспарланған үстел теннисінен жеке әлем чемпионаты Хьюстонда (Техас, АҚШ) өткізілмейді. Өткен жылдың сәуірінде техастықтар әлемдік форумды өткізу үшін Мароккодан тендерді жеңіп алған болатын, ал коронавирустық індетке байланысты Пусандағы командалық әлем чемпионаты (Оңтүстік Корея, 28 ақпан-7 наурыз) және Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары (Жапония, 23 шілде - 8 тамыз) сол 2021 - ші жылға ауыстырылды. Бұл жағдайда АҚШ-тың үстел теннисі қауымдастығы шенеуніктерінің пікірінше, олардың жарнамалық әлеуеті төмендеуде және Хьюстон 2021 жылғы Әлем чемпионатын қабылдаушы жағы ретінде өз ұсынысын кері қайтарып алады деп мәлімдеді.

Талап Қойбағаров ITTF материалдары бойынша