Маскат қаласында үстел теннисінен "Oman Open" турнирі жалғасуда, онда қазақстандық Кирилл Герасименко ширек финалға дейін жетті. Біздің спортшы жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Оңтүстік-Шығыс Азияның үш дүркін чемпионы Панг Эн Коенді (Сингапур, 4:2), жұптық разрядтағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, командалық есептегі Еуропа чемпионы Тьяга Аполонияны (Португалия, 4:1) жеңді, ал жартылай финалға шығу үшін шайқаста Еуропа чемпионатының жұптық разрядтағы күміс жүлдегері Кирилл Скачковқа (Ресей) 3:4 есебімен жол берді.
Талап Қойбағаров