Тек екі мүмкіндік қалды

09.05.2018

Буэнос-Айресте (Аргентина) өтетін жасөспірімдер Олимпиадалық ойындарына қатысушыларды анықтау үшін үстел теннисінен біліктілік жарыстары әлемнің әрбір бұрыштарында өтуде, жақында Тайланд астанасы Бангкогте болып өтті. Қазақстан өкілдері Зәуреш Ақашева (Қарағанды) және Айдос Кенжеғұлов (Орал) 6 қазанда Аргентинада Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде болу үшін кезекті талпыныстарын қолданды, бірақ біздің өкінішімізге орай мұндай мүмкіндік қолдан келмеді. Айдос Ченг Пак Хеннан (Гонконг) ұтылып қалды 2:4, ал Зәуреш Фанни Харастовичтен (Венгрия) жеңілді 2:4. Енді тек:1-2 маусымда Маркем қаласында (Канада) және 8-9 маусымда Тынық мұхиттың Раротонг аралында екі біліктілік турнирі қалды.

Талап Қойбағаров