Тек бірінші ракеткадан ғана жеңіліс тапты

20.01.2019

Будапеште (Венгрия) үстел теннисінен Әлемдік Тур жалғасуда. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко үш жеңісінен кейін финалдың 1/16 бөлігіне шықты, онда ол әлемнің төрт дүркін чемпионы, әлем Кубогының төрт дүркін иегері Фан Жендонгпен (Қытай) кездесті. Есеп 4:2 ғаламның бірінші ракеткасының пайдасына шешілді. Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың (Австрия) пікірі: «Бұл турнирде Кирилл өте жақсы ойын көрсетті. Менім болжағанымдай, біз жаңа деңгейге шықтық және әрі қарай жылжи аламыз. Жақсартулар бұның алдында Австриядағы турда басталған болатын, бірақ ол кезде оған кішкене ғана сәттілік жетпей қалған болатын. Бұл уақыт ішінде Кирилл өз ойынындағы көптеген проблемаларын шешіп және бұрыңғы өте қиын және ұзақ ойындарындағы қарсыластарын сенімді түрде жеңіп кетті. Қытай құрамасының жас ойыншысының үстінен көрген жеңісі арқылы Кирилл өзіне сенімділік туындатты және ол әлемнің бірінші ракеткасына қарсы өте жақсы ойын көрсетті. Алтыншы сетте Кирилл Фан Жендонгомды 10:9 есебімен ұтып жатқан болатын егерде ол жеңіске жеткен болса, онда жетінші сетте мүмкіндіктер теңесуші еді. Өкінішке орай, әлемнің бірінші ракеткасы ол сондай өйткені ол қауіпті жағдайларда да керемет ойнай біледі. Қытайлық бағыт бойынша екі рет ақылмен ойнай білді және 6-шы сетті жұлып әкетті. Дегенмен, матч әдемі және қызықты болды. Кирилл бұл қарсыластықтан көп нәрсе үйренді және әлемнің мықты теннисшілерімен бірдей ойнай алатынына көзі жетті».

Талап Қойбағаров