Тек 32 ғана қалды

19.10.2018

Талдықорғанда 2005 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтуде. Командалық күрестен соң бүгін кіші топтарындағы жеке турнирі бойынша ойындары басталды, оның қорытындысы бойынша тек 64 қатысушы ғана (32 ұл және 32 қызбала) марапаттарға және құрмет тұғырына өз жолдарын жалғастыратын болады.

Осы санаттағы танылған көшбасшылар Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент), Дамир Сәрсенбай (Алматы), Екатерина Пюрко (Солтүстік Қазақстан облысы), Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды), Аружан Бекіш (Батыс Қазақстан облысы), Әмір Торғайбеков (Қарағанды) жаттықтырушыларын жерге қаратпай жақсы деңгейде ойын көрсетіп, өз қарсыластарын сенімді түрде жеңіп шықты.


Талап Қойбағаров