Тек 13 және 15 орындар үшін күресеміз

17.09.2019

Екі жыл бұрын Қытайдың Уси қаласында өткен үстел теннисі бойынша Азия чемпионатында қазақстандықтар командалық есепте 11-ші (әйелдер), 13-ші (ерлер) орындар алды және Джокьякартада (Индонезия) өткен құрлықтық форум алдында біздің спортшылар нәтижелерін жақсартатын шығар деп үміттеніп едік. Алайда, біз турнирлік кестеде түсіп қалдық, тек 13 (әйелдер) және 15 (ерлер) орындар үшін күресетін боламыз. Бүгін Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева, Гүлчехра Құсейінова 3:0 есебімен Ливан мен Моңғолия құрамаларын жеңді, ал Кирилл Герасименко, Бекұлан Жамал, Айдос Кенжеғұлов Ливаннан 3:2, Индонезиядан 3:1 есебімен басым түсті. Жеңістерге қол жеткізді, бірақ қазақстандық жанкүйерлерге үлкен қуаныш әкелмеді.

Талап Қойбағаров