Грузияда 25 елдің спортшыларының қатысуымен «WTT Youth Contender Tbilisi 2026» үстел теннисінен халықаралық турнир өтіп жатыр.
U13 жас санатында қостанайлық Жәния Бекмұхамбетова (жаттықтырушы Юлия Даниярова) үздік өнер көрсетті. Ол Әзірбайжаннан (екі теннисші), Беларуссиядан, Грузиядан, Шри-Ланкадан келген қарсыластарын жеңіп, бірінші орынды иеленді.
Құттықтаймыз!
Талап Қойбағаров

