Тағы да солақай

03.07.2019

Үстел теннисі бойынша "Korea Open" атты әлемдік серияға қатысушылар өз жұмысына кірісті және жарыстың екінші күні спортшылар саны күрт қысқарды. Өкінішке орай, "Korea Open" әлемдік сериясынан шығып қалғандардың арасында біздің Кирилл Герасименкода бар, ол бүгін 3:4 есебімен турнир қожайыны Сео Хундеокқа ұтылып қалды. Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың пікірі: "Оның қарсыласы тағы да жақсы доп беретін солақай ойыншы болды. Кириллға әрдайым осындай қарсыластармен ойнау қиынға түседі. Бірақ, бұл жолы бұл шағым емес. Біздің ойыншы есептегі 5:1 басымдылықты екі рет жүзеге асыра алмады. Бірінші сетте есептің 5:1 кезінде Кирилл допты дұрыс бермегені үшін ескерту алды және бұл белсенділіктің жоғалуына алып келді. Нәтижесінде ол тағы да мұқият түрде үстелден алшақтап ойнай бастады және бірінші сетті қарсыласына берді. Ауыр күрес барысында ол үстелді ұзағырақ ұстап, өзін белсенді ойната алды, ары-бері жүгіріп және оң жақтан айналдыра бастады. Шешуші сетте есептің 5:1 кезінде допты жақсы бергеннен кейін оң топста қателесіп қалды. Ойын есебі 6:4 бола тұра, дәл сол қатені бірінші оң жақ топстада жіберді, әйтсе де бәрін дұрыс жасап және шабуыл үшін тамаша доп алғанына қарамастан. Ал осы қателіктен кейін Кирилл доптың дұрыс емес берілісін таңдады және қарсыласы бұған қарсы өте белсенді қабылдау әдісін қолдана алды. Бұл үш доп шайқастың нәтижесін шешті. Біздің осы матчта жеңіске жету үшін жақсы мүмкіндікті жіберіп алғанымыз өкінішті".

Талап Қойбағаров