"Хван Ман-Гым" спорт клубының (Ташкент облысы, Өзбекстан) үстел теннисі орталығында Орта Азия және Қазақ КСР чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері (1960 ж. -1966 ж.), КСРО үстел теннисі Федерациясының президенті Юрий Алексеевич Посевинді еске алуға арналған Ашық жасөспірімдер клубтық чемпионатының III турының матчтары басталды.
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның 35 құрамасы кіші
топтарда ойындар өткізді және олардың тек 8-і ғана жеңілмей шықты, осы турда олардың
жеңіске жету мүмкіндіктері жақсы: "Қарағанды 1", "Хван Ман-Гым
1", "Хван Ман-Гым 2", "Хван Ман-Гым 3", "Мартен" (Түркістан), "Сұңқар"
(Шымкент), "Мартен" (Түркістан), "Топжарған" (Шымкент).
Бұл жарыстардың тарихы бай және бұрын Орталық Азия балалар
клубтық чемпионаты деп аталған, онда жазғы Олимпиада ойындарының қатысушылары Кирилл Герасименко (Қазақстан), Зохид Кенжаев (Өзбекстан), Анастасия Лаврова
(Қазақстан) өнер көрсеткен.
Өзбекстан құрама командасының бас жаттықтырушысы, халықаралық
дәрежедегі спорт шебері Зохид Кенжаев әңгімелейді:
"Өте қызықты чемпионат, Орталық Азия өңірінің жас
теннисшілері үшін әрқашан пайдалы болды. Мұнда жеңіске жеткендер, өз
командаларында көшбасшы атанды, халықаралық турнирлерде жоғары шеберлік көрсетті,
олимпиадалық лицензияларды жеңіп алды. Юрий Посевинді еске алуға арналған
жарыстың қазіргі қатысушыларына Азия, Әлем чемпионаттарының, Олимпиада
ойындарының тұғырларын бағындыруды тілеймін".
Ташкент облысынан Талап Қойбағаров