Тамаша стадион, мықты қарсыластар, жақсы ойындар

03.02.2020

Бұл күндері Корей жағалауындағы Ганджин қаласында Австралия, Бельгия, Голландия, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Перу, Малайзия, Моңғолия, Жапония елдерінен келген 330 жасөспірімдер мен кадеттердің қатысуымен үстел теннисінен "XIОM Кубогы" атты халықаралық турнирі өтуде. Біздің еліміздің атынан Санжар Жұбанов (Орал), қарағандылықтар Александра Смирнова, Алан Құрманғалиев, Темірлан Ким өнер көрсетуде, жаттықтырушылары Татьяна Ким.

Қазақстандықтардың арасында бәрінен сәтті 13 жасар спорт шебері Алан Құрманғалиев өнер көрсетуде. Ол 8 матч өткізіп, жапондық, австралиялық, бес корейлік теннисшілерді жеңіп, 7 рет жеңіске жетті, және өз кіші тобында бірінші орын алып, "XIOM Кубогының" финалдық бөлігіне шықты.

Санжар Жұбанов перулік, моңғол теннисшілерінен мықты болды, алайда тартысты шайқаста Бельгия, Жапония, Корея теннисшілеріне 2:3 есебімен жол беріп, медаль үшін күресті жалғастыру мүмкіндігін жіберіп алды. Александр Смирновада бір жеңіс, жеті жеңіліс бар, олардың екеуі 2:3 есебімен. Темірлан Ким шайқасты, қарсыластарына айқаспай берілмеді, бірақ жеңіс қуанышын сезіне алмады.

Командалар арасындағы жарыста жасөспірімдер сегізінші орында. Александра Смирнова "Қазақстан-Жапония" интернационалдық құрамасында ойнап, сегізінші орынға ие болды. "XIOM кубогы" жалғасуда.


Талап Қойбағаров