Талдықорғанда үстел теннисі орталығы ашылды

09.12.2024

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Республикалық үстел теннисі Федерациясының вице-президенті Елсияр Қанағатов, Атлантадағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Мәулен Мамыров, "Қазақстан барысы" бірінші турнирінің жеңімпазы Ұлан Рысқұл, спорт ардагерлері, жұртшылық Талдықорғандағы үстел теннисі орталығының салтанатты ашылуына қатысты. Жалпы ауданы 2193 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимаратта оларды ұлғайту мүмкіндігі бар 12 үстел және 250 орындық трибуна орналасқан. Жаттығу құрылғысы бар залы, массаж бөлмесі, бейімделген жуыну бөлмесі және басқа да қажетті әкімшілік және тұрмыстық үй-жайлар бар.

Елсияр Қанағатов әкіммен үстел теннисі клубын ашуға жәрдемдесу, жаттықтырушы-кеңесшіні тарту және облыстық федерация президенті лауазымына үміткермен көмек көрсету туралы әңгімелесті. Бейбіт Исабаев әкімдік қызметкерлеріне тапсырма берді.


Жетісу облысында үстел теннисімен тұрақты негізде 11 000-нан астам адам айналысады. Арнайы секциялар Алакөл, Ақсу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан аудандарында және Талдықорғанда құрылды.


Талап Қойбағаров