Таланттарды анықтаудың жаһандық жобасы

17.09.2024

Иорданияда (Амман қ.) 2012 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында Иран, Ирак, Қазақстан, Ливан, Ливия, Малайзия, Сирия, Сингапур, Таиланд және Өзбекстанның жас, талантты теннисшілерінің «Asia Hopes Week&Challenge» дәстүрлі оқу-жаттығу жиыны өтуде.

Мысырдың тәжірибелі маманы Исмаил Хишамның жетекшілігімен болашақ үстел теннисінің жұлдыздары күніне екі рет техникалық, тактикалық және дене дайындығымен айналысады. Жаттығу аяқталғаннан кейін іріктеу турнирі өтеді, оның нәтижелері бойынша үздік 6 спортшы (3 ұл, 3 қыз) әлемдік «ITTF World Hopes Week and Challenge» - турниріне жолдама алады.

Иорданияда біздің еліміздің атынан 2013 жылғы спортшылар арасындағы Қазақстанның абсолютті чемпионы шымкенттік Абай Жұмағұл (жаттықтырушысы Бекулан Жамал) өнер көрсетеді.


Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық үстел теннисі Федерациясының «Hopes» бағдарламасы - бұл жиындар мен турнирлерде өзінің жоғары әлеуетін көрсеткен қазіргі әлемдік деңгейдегі көптеген ойыншылар үшін трамплин қызметін атқарған таланттарды анықтаудың жақсы қалыптасқан жаһандық жобасы болып табылады.


Талап Қойбағаров