Таиландтағы жасөспірімдер турнирінің үшінші нәтижесі

20.05.2026

Таиландта үстел теннисінен "WTT Youth Contender Bangkok" турнирі өтуде және U13 жас санатында Қостанайдан келген Жәния Бекмұхамбетова (жаттықтырушы Юлия Даниярова) үшінші орынды иеленді.

Құттықтаймыз!

Ол Фаннапат Чингсоньоен (Таиланд) 3:0, Чен Этель (Сингапур) 3:0, Мао Хлоя (Сингапур) 3:0, Асахи Кавагучиді (Жапония) 3:2 жеңді, ал жартылай финалда Анг Чжи Юйден (Малайзия) 1:3 есебімен жеңілді.


Талап Қойбағаров