Таиландта үшінші орын

11.09.2026

Таиландта үстел теннисінен "WTT Youth Contender Bangkok II" Халықаралық турнирі өтуде және U13 жас санатында Қостанайдан келген Жәния Бекмұхамбетова (жаттықтырушы Юлия Даниярова) қола жүлдеге ие болды. Құттықтаймыз!

Қазақстандық спортшы Амина Прасонполды (Тайланд) 3:1, Беняфу Сураситті (Тайланд) 3:0, Наттхапат Лимсирилертті (Тайланд) 3:0, Ноноку Сузукиді (Жапония) 3:0 жеңіп, ал жартылай финалда Йен Пэй Эньге (Қытайлық Тайбэй) 0:3 есебімен жол берді.


Талап Қойбағаров