Хайкоуда (Қытай) үстел теннисінен Азия Кубогында қазақстандық Алан Курмангалиев жоғары шеберлігін көрсетіп, жарыстың негізгі торына шығып, ширек финалда орын алу үшін жастар арасындағы екі дүркін әлем чемпионы Чжоу Цихаомен (Қытай) матч өткізді. Қытайлық теннисші жеңіске жетті, ал Алан Курмангалиев 2022 жылы Таиландтағы Азия Кубогында 16 мықтының қатарында болған Кирилл Герасименконың жетістігін қайталады.
Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының
президенті Данияр Абулгазин спортшыны және оның жеке жаттықтырушысын
Азия Кубогында өнер көрсетуімен құттықтады.
«Алан Курмангалиевтің Қытайдағы табысты өнер көрсетуі-үлкен еңбектің,
табандылықтың, сүйікті ісіне адалдықтың, ірі турнирлерде тұрақты өнер көрсетудің
нәтижесі. Алан мен оның жаттықтырушысы Эльмира Алиеваны шын жүректен құттықтаймын,
қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, жеңіске жетуді жалғастырып, жаңа
спорттық биіктерге ұмтылуды тілеймін», - деп атап өтті Федерация басшысы.
Талап Қойбағаров

