Сюн Тао: "Жиындардың міндеті - теннисшінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жаттығу процесін құру

28.09.2022

"CNPC - Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы" Алматы академиясында тәжірибелі тәлімгер Сюн Таоның (Қытай) жетекшілігімен Алматы, Бішкек (Қырғызстан), Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарынан келген жаттықтырушылар мен олардың оқушыларының оқу-жаттығу жиыны өтуде.

Сюн Тао: "Жиындардың міндеті - теннисшінің жеке ерекшеліктерін: оның ерік-жігері, еңбекқорлығы, функционалдығын ескере отырып, жаттығу процесін құру. Сондай-ақ, жаттығудың бір үлгісі - қайталау. Жаттығуларды бірнеше рет қайталау дағдылар мен білімді нығайтуға, спорттық нәтижелерді арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жоспарларды құру және іске асыру кезінде ескерілуі керек. Біз жұмыс істейміз, шеберлік деңгейін арттырамыз".

Бектемір Осмонов, Қырғызстанның жаттықтырушысы: "Орталық Азия аймағында үстел теннисін дамыту мақсатында бізді Алматыға шақырды және сол үшін үлкен рахмет. "ADD" орталығының шарттары тамаша, жаттықтырушы Сюн Тао жас қырғыз спортшыларын мұқият бақылап, техниканы түзетіп, ақыл-кеңес береді. ОЖЖ-ның пайдасы зор".


Талап Қойбағаров