Сырдарияның екі жағалауында

16.10.2020

Қызылорда облысында 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 20 147 тәрбиеленуші спорттың 46 түрімен тегін айналысады. Жуықта Сырдарияның екі жағалауында орналасқан Қызылорда қаласындағы № 4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде үстел теннисі бөлімі ашылды. Мұнда кадеттер, юниорлар, жастар өз шеберліктерін шыңдайтын болады. Спорт залы, теннис үстелдері, дәрігерлік кабинет толыққанды жаттығу барысын қамтамасыз етеді және тәлімгерлерге жиындар өткізуге, республикалық, ал болашақта халықаралық деңгейде өнер көрсету үшін келешегі бар теннисшілерді анықтауға көмектеседі.

Талап Қойбағаров