Олимпиада, әлем чемпионаты немесе қала біріншілігі болсын, кез келген деңгейдегі жарыстар тек қана рекордтар мен ірі есеппен ғана емес, ең алдымен күтпеген нәтижелермен де тартымды. Шымкентте үстел теннисі бойынша Қазақстан ашық чемпионатының үшінші турында Суперлига клубтары арасында мынадай сенсация болды: Қарағандыдан 13 жасар Әмір Торғайбеков, 15 жасар Темірлан Ким жұптық разрядта командалық есепте Ресей чемпионы Илья Жидков пен оның әріптесі Аслан Тілеубаевты ("Шолақ-Терек", Қостанай облысы) ұтып 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Бүгін "Жетісу"
(Алматы облысы) 2019 жылғы Суперлигасының көшбасшысы күшейген ресейліктерге қарсы
"Ақтөбе" матчы өтті.
"Жетісу"
- "Ақтөбе" 4:2
Тимур
Келбұғанов-Руслан Алчимбаев 1:3
Бекұлан
Жамал - Илья Березин 0: 3
Денис
Жолудев-Деас Мархабаев 3:2
Денис
Жолудев, Тимур Келбұғанов – Илья Березин, Руслан Алчимбаев 3:2
Тимур
Келбұғанов-Илья Березин 3:2
Денис
Жолудев – Руслан Алчимбаев 3:0.
Үшінші
турдың соңғы күнінің алдында "Жетісу"жеңіліссіз келеді.
Қазақстандық
Суперлига туралы өз әсерімен "Альянс" (Бішкек, Қырғызстан)
командасының көшбасшысы Әлішер Якупбаев бөлісті: "Жарыс жоғары деңгейде
ұйымдастырылған, тамаша зал, үстелдер, еден жабыны, халықаралық кластағы
техникалық жабдықтар. Біз республикалық чемпионаттың тұрақты қатысушылары, жоғарғы
лигада ойнадық, Суперлигада өнер көрсетеміз. Өте пайдалы жарыстар, өйткені мұнда
мықты теннисшілер көп және олармен болған кездесулер баға жетпес тәжірибе әкеледі,
біз кәсіби түрде өсеміз. Ресей легионерлері Суперлиганы күшейтті".
Талап Қойбағаров