Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ашық командалық чемпионатының III туры жалғасуда. Жоғары лигада 23 клуб өнер көрсетуде және олардың арасында 2022 маусымның Суперлигасына жолдамаларға негізгі үміткерлер анықталды - бұлар "Sigma Shymkent" (Шымкент, 5 ойын, 5 жеңіс), "Павлодар" (5 ойын, 5 жеңіс), "Ардагер" (Алматы, 5 ойын, 4 жеңіс), "Қарағанды-3" (5 ойын, 4 жеңіс), "Ертіс" (Павлодар, 5 ойын, 4 жеңіс), "PRO100" (Алматы, 5 ойын, 4 жеңіс), "Alga Express" (Алматы, 5 ойын, 4 жеңіс). Чемпионат жалғасуда.
Суретте "Павлодар" клубынан Ангелина
Романовская.
Талап Қойбағаров