Қазақстан Республикасы үстел теннисінің республикалық Федерациясының залында (Алматы қ.) ерлер командалары арасында Супер Лига Ашық чемпионатының қорытынды туры өтті. Алдыңғы үш турдың көшбасшысы «Астана» клубы (Тимур Келбұғанов – суретте, Самат Бейсенов, Бекұлан Жамал) бұл жолыда бәрінен мықты болып, жеті рет айқын жеңіске жетіп чемпиондық кубокты лайықты жеңіп алды. Аталмыш турнирде екінші және үшінші ойындық көрсеткіштер (Өзбекстандық)«Андижан» клубының теннисистерінде Альберт Шириев, Кутбидилло Тешабоев, Дониер Абдурахимов, Изатилло Тешабоевтар, және де«Хван Ман Гым -1» (Өзбекстан) спорт клубының қатарында ойын көрсеткендерВячеслав Брюхов, Геннадий Левченко, Станислав Тян. Ал 2017 жылдың маусымдық қорытынды кестесі келесідей ұсынылды: 1 орын «Астана», 2 – «Масанчы» (Жамбыл облысы), 3 – «Хван Ман Гым-1» (Өзбекстан), 4 – «Шолақ Терек» (Қостанай), 5 – «Павлодар», 6 – «Хван Ман Гым -2» (Өзбекстан), 7-9 орындарды «Ақтөбе», «Андижан» (Өзбекстан), «Карвен» (Қырғызстан) бөлісті.
Супер Лиганың қорытындысын шығарды
10.12.2017