Астанада «Алау» мұз сарайында Супер лига ерлер клубы арасында еліміздің Ашық чемпионатының екінші туры бастау алды. «Жетісу» (Алматы облысы), «Астана», «Шолақ Терек» (Қостанай облысы), «Павлодар», «Масанчы» (Жамбыл облысы), «ЦПОР» (Ақтөбе), СК «Хван Ман Гым» (Өзбекстан) кіші ракеткалар шеберлері арасындағы жарыстарды үш күн бойы үстел теннисінің жанашырлары мен әуесқойлары қызықтайды.
Талап Қойбағаров