Словенияда (Любляна қ.) жүлде қоры 250 000 АҚШ долларын құрайтын WTT Star Contender турнирі өтуде. 5 шілдеде турнирдің негізгі торында ойындар басталады және қазақстандық Кирилл Герасименко (Астана) жастар арасындағы екі дүркін Еуропа чемпионы (2014 ж., 2017 ж.), Еуропалық Ойындардың қола жүлдегері (2019 ж.) Томислав Пуцармен (Хорватия) кездеседі.
Кириллге сәттілік пен жеңіс тілейік.
Талап Қойбағаров