Алматыда олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде үстел теннисінен "Шаңыраққа жол" атты VI-шы халықаралық турнирі басталды. Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Түркменстаннан, Қазақстаннан 328 спортшы үш жас тобында медальдар үшін күреске шықты: 2005-2006 ж.т., 2007-2008 ж. т., 2009 ж. т. және одан кіші. Жеңіске басты үміткерлердің арасында "Хван Ман Гым" СК кіші ракеткасының жас шеберлері бар (Ташкент облысы, суретте). Клубтың аға жаттықтырушысы Анвар Кәрімов былай дейді: "Бұл біздің сүйікті турнирлеріміздің бірі және біз ұйымдастырушылардың шақыруына қуана келеміз. Мұнда жылы, достық атмосфера. "Шаңыраққа жол" турнирі спорт жоспарында, жас теннисшілерге өте пайдалы, өйткені әр түрлі деңгейдегі қарсыластармен ойындар көп. Жыл сайын біз жеңіс марапаттарымен үйге ораламыз және біз Алматыға тағы да тамаша ойын көрсету үшін келдік".
Талап Қойбағаров