Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Абулгазиннің (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының бас директоры Стив Дейнтонмен кездесуі өтті, онда Астанада өтетін 2027 жылғы әлем чемпионатына дайындықтың негізгі мәселелері талқыланды.
Стив Дейнтон еліміздегі үстел
теннисінің соңғы жылдардағы даму барысын, 2024 жылғы Азия чемпионатын, халықаралық
турнирлерді тамаша ұйымдастыру мен өткізуді және инфрақұрылымды кеңейтуді атап өтті.
Спорттық
ареналарға, қонақүйлерге бару барысында Астананың әлемдік біріншілікке дайындығына
және көргендеріне қанағаттанғанын білдірді.







Талап Қойбағаров

