Үстел теннисінің игілігі үшін кездесу

04.03.2020

Қазақстан Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазиннің тапсырмасын орындау аясында Атырауға жұмыс сапарымен республикалық федерацияның Бас хатшысы Данил Пак келіп, қала әкімі Қайрат Оразбаевпен, облыстық Федерацияның басшысы Айдос Талтеновпен кездесті. Үстел теннисінің мамандандырылған залын ашу, тәжірибелі жаттықтырушыларды шақыру сияқты маңызды мәселелер талқыланды, бұл аймақтың негізгі міндеттері болып табылады. Айтылған ұсыныстарды орындау бойынша алдағы іс-қимылдар келісілді. Жоспарларды іске асырудың болжамды мерзімдері - бұл ағымдағы жылдың екінші тоқсаны.

Суретте солдан оңға қарай Айдос Талтенов, Қайрат Оразбаев, Данил Пак

Талап Қойбағаров