2018 жылғы 14-15 шілдеде «Алау» Мұз сарайында (Астана қ.) қала күніне арналған үстел теннисінің дәстүрлі Фестивалі өтеді. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген 1000-нан астам кәсіби спортшылармен және үстел теннисінің әуесқойлары қатысады. Қазіргі уақытта төрешілер алқасына қаланың спорттық және еңбектік ұжымдарынан өтінімдер келіп түсуде, жеке номинацияны мүмкіндігі шектеулі спортшылар қалыптастырды. Регламенттерімен танысуға және өтінім нысанын көшіріп алуға www.alau.info. сайтында болады.
Үстел
теннисі фестивалі – «Алау» Мұз сарайы бұқаралық қолжетімділік бағдарламасының
жазғы жобасы. Турнир 2013 жылдан бастап өтуде және бұл уақыт ішінде тек
Қазақстандық мыңдаған аудиторияның ғана емес, сонымен қатар басқа елде тұратын
тұрғындардың жүректерін жаулап алуға үлгерді. Фестивальдің мақсаты Республикада
үстел теннисін насихаттау және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау,
физикалық және адамгершілік бейнені қалыптастыру болып табылады.
14 шілде – командалық
біріншілік, жұпттық разряд (ерлер, әйелдер, аралас);
15 шілде – жеке біріншілік (кәсіпқойлар, әуесқойлар, спорт ардагерлері, кадеттер, мүмкіндігі шектеулі спортшылар).