Үстел теннисінің болашағы жарқын көрінеді

09.07.2020

Өткен аптада біз сіздерге кіші ракетканың көрнекті шебері, екі дүркін Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы, Қытай ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Лю Голян Әлемдік Үстел теннисі Кеңесінің (World Table Tennis - WTT) төрағасы болып сайланғанын хабарлаймыз. Міне, халықаралық үстел теннисі федерациясынан (ITTF) Президентінің орынбасары, Катар үстел теннисі қауымдастығының басшысы Халиль әл-Моханнади (суретте) (World Table Tennis - WTT) кеңесінің мүшесі болғандығының хабарламасы келді,

"Халил Әл-Моханнади спорт үшін көп нәрсе жасады және біздің қоғамдастық үшін бұл керемет жаңалық. Оның бай тәжірибесі мен білімі WTTT игілігі үшін пайдаланылады. Үстел теннисінің болашағы бұрынғыдан да айқын көрінеді", - деп атап өтті ITTF президенті Томас Вайкерт.

WТТ өзінің коммерциялық қызметін жаңғырту және басқа да танымал спорт түрлерімен бәсекелестікте үстел теннисінің барлық әлеуетін іске асыру үшін 2019 жылдың тамыз айында халықаралық үстел теннисі Федерациясымен құрылғанын еске саламыз. World Table Tennis 2021 жылдан бастап ITTF барлық іс-шараларын өткізуге жауапты болады. Дербес ұйым ретінде WTTT икемді және заманауи басқаруды қамтамасыз ете алады, мысалы, үстел теннисі үшін сыртқы инвестицияларды алу болып табылады.

Талап Қойбағаров ITTF материалдары бойынша