Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты аяқталды, оған 186 спортшы қатысты.
Бір апта ішінде «ADD USTEL TENNIS ORTALYGY»-да командалық,
жеке, жұптық және аралас разрядтарда медальдар ұтысқа салынды. Турнир көрермендерге
тартысты матчтар мен жарқын финалдар сыйлады.
Алғашқы марапаттар жиынтығы командалық есепте ойналды.
Ерлер арасындағы финалда Шығыс Қазақстан облысының құрамасы 3:0 есебімен жеңіске
жетіп, Алматыдан келген қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Денис Жолудев,
Сагантай Курмамбаев және Сергей Коновалов қарсыластары Айдос және Дастан
Кенжигуловтарға, Санжар Жубановқа қарсы матчтарын сенімді түрде өткізіп, оларға
өз ойындарын жүктеуге мүмкіндік бермеді.
Ерлер арасындағы жарыста қола медальдарды Қарағанды және
Ақтөбе облыстарының командалары жеңіп алды.
Әйелдер финалы, керісінше, драмаға толы болды. Алматы
командасы Қарағанды облысының құрамасынан 0:2 есебімен жеңіліп, қиын жағдайға
тап болды. Алайда, қалған матчтардағы сенімді ойынның арқасында алматылықтар
матч барысын өзгертіп, қорытынды жеңіске - 3:2 есебімен қол жеткізді.
Үшінші орынды Қостанай облысы мен Шымкент иеленді.
Әйелдер арасындағы жұптық разрядта Анель Бахыт және
Ангелина Романовская, Зауреш Акашева мен Альбина Жаксылыкова дуэтін жеңіп, Қазақстан
чемпионы атанды.
Аралас жұптағы алтын медальді Кирилл Герасименко мен Зауреш
Акашева жеңіп алды. Финалдық матчта олар Искендер Харки мен Ангелина
Романовскаядан мықтырақ болды.
Кирилл Герасименко ерлер арасындағы жұптық разрядта да
жетістікке жетті - ол Кадырали Кабдылуахитовпен бірге финалда Искендер Харки және
Ирисбек Артукметовтан басым түсті.
Айта кетейік, чемпионаттың финалисті Кадырали
Кабдылуахитов Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.
Жеке разрядтағы фавориттер өздерінің мәртебесін растады. Әйелдер
финалы Қарағанды дербиіне айналды. Зауреш Акашева мен Жанерке Кошкумбаева
арасында алтын медаль ұтысқа салынды. Тәжірибе басым болды: Акашева жеңіске
жетті, ал Кошкумбаева үшін бұл финал мансаптық дебют болды. Қола жүлдені
Сарвиноз Миркадирова (Алматы) және Альбина Жаксылыкова (Қарағанды) жеңіп
алды.
Жаксылыкова үшін өткен чемпионат ерекше болды - мансабында
алғаш рет ол жеке разрядта тұғырға көтеріліп, Қазақстан Республикасының спорт
шебері нормативін орындады.
Ерлер арасында шешуші матчта Қазақстанның бірнеше дүркін
чемпионы Кирилл Герасименко және келешегі зор Алан Курмангалиев кездесті.
Астана өкілі кездесуді сенімді түрде өткізіп, ұлттық деңгейде өзінің көшбасшылығын
тағы да дәлелдеді. Үшінші орынды қола жүлдегерлер атанған Айдос Кенжигулов және
Санжар Жубанов иеленді.
Кирилл Герасименко үш алтын медаль жеңіп алып Қазақстанның
абсолютті чемпионы атанды.
«Бүгін біз үстел теннисінен Қазақстан Республикасының
чемпионатын аяқтадық - жарқын, тартысты және эмоцияға толы турнир болды. Осы күндері
біз қызықты жекпе-жектерді, керемет техниканы, күш-жігер және жеңіске деген ұмтылысты
көрдік.
Мен қазақстандық үстел теннисінің деңгейі өсіп келе жатқанына
мақтан тұтамын. Біздің спортшылар қажырлы еңбек, тәртіп және өзіне деген сенім
нәтиже беретінін дәлелдеп, лайықты ойын көрсетуде.
Бұл чемпионатта жаңа жұлдыздар жанды. Ең мықты әйелдердің
ондығына Қостанайлық он екі жасар Жания Бекмухамбетова және Қарағандылық он төрт
жасар Мария Лукьянова кірді.
Егер ерлер арасындағы турнир сенсациясыз өтіп, олардың
ойын деңгейіне сәйкес орындар бөлінсе, онда әйелдер арасында алғаш рет жас қарағандылық
спортшылар - Альбина Жаксылыкова (3 орын), Жанерке Кошкумбаева (2 орын) ел
біріншілігінің ересектер тұғырына көтерілді. Чемпион атағын Зауреш Акашева (Қарағанды)
қайтарып алды.
Құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко (Астана) және Алан
Курмангалиев (Қарағанды) финалдық жекпе-жекте үздік ойын көрсетіп, жанкүйерлерді
қуантты.
Барлық қатысушыларды атқарылған жұмыстарымен, ал жеңімпаздарды
- лайықты марапаттарымен құттықтаймын!
Ұйымдастырушыларға, төрешілерге және чемпионатты жоғары
деңгейде өткізуге үлес қосқандардың барлығына ерекше рахмет.
Бірақ біздің жұмысымыз мұнымен бітпейді. Алда жаңа жарыстар, халықаралық турнирлер күтіп тұр, біз жаңа биіктерге қол жеткізе отырып, Қазақстанда үстел теннисін дамытуды жалғастырамыз», - деп түйіндеді Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Алиева.