Ақтауда "Жыл Үздігі-2021" сыйлығымен марапаттау салтанатында Облыстық үстел теннисі Федерациясы (төрағасы Ерболат Қожабаев) "Жылдың үздік Федерациясы" құрметті атағына ие болды. Құттықтаймыз!
Марапатқа лайық, маңғыстаулықтар 2021
жылды жемісті өткізді: Ақтауда VII Республикалық ауылдық спорттық ойындар бағдарламасында
турнир өтті, Қазақстан теннисшілері мен ресейлік "ОТМК" клубының бірлескен
оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды, Дене тәрбиесі және спорт басқармасымен аймақта
үстел теннисін дамыту туралы Меморандумға қол қойылды, бес ауданға арналған кәсіби
құрал-жабдықтар сатып алынды, БЖСМ оқушылары үшін еліміздің жетекші
спортшыларымен мастер-класс ұйымдастырылды. Қазақстанның оңтүстік-батысындағы
теннисшілер балалар мен жасөспірімдер жарыстарында, біріншіліктерде медальдар
жеңіп ала бастады.
Талап Қойбағаров