Өскеменде, үстел теннисінің жаңа орталығында ардагерлер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, онда 15 өңірден келген 98 спортшы 40-49 жас, 50-59, 60-64, 65-69, 70 және одан жоғары жас топтарында, сондай-ақ әйелдерде 35 және одан жоғары жас аралығында жарысқа түседі. Бірінші күні барлық қатысушылар өздерінің кіші топтарында чемпионаттың финалдық бөлігіне шығу құқығына таласты және қойылған міндеттерді орындаған ойыншылар 25 маусымда медальдар үшін күресті жалғастырады.
Ардагерлердің матчтарын бақылап, теннис үстелінің жанында
олардың көрсеткендеріне қарап, әлі де күш-қуаттарының бар екенін көрген кезде, мынаны
ойлайсың - "олар мықты, сүйікті спорт түрімен айналысып, жағымды мен
пайдалыны біріктіреді: эмоционалды тұрғыда жігерлену, жүрек-қан тамыр жүйесін
нығайту, көзге керемет жаттығу, қимылдарды үйлестіру және вестибулярлық аппаратты
жаттықтыру, буындардың икемділігі. Үстел теннисін ойнауда тек артықшылықтар ғана
бар".
Талап Қойбағаров