Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясы мен «Media Holding «Atameken Business» ЖШС ел халқы арасында олимпиадалық спорт түрін ілгерілету және танымал ету саласында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумда жаттықтырушылардың, спортшылардың жаңалықтар сюжеттеріне, телевизиялық жобаларға, талдамалық хабарларға, «inbusiness.kz», «insports.kz» сайттарына, «AtamekenBusiness» телеарнасына және «Media Holding «Atameken Business» ЖШС әлеуметтік желілеріне қатысуы көзделген.
Талап Қойбағаров