Павлодар облысының үстел теннисі федерациясы Павлодар қаласының №72, №112 балабақшаларында секциялар ашып, жас тәрбиеленушілерге шеберлік-класын өткізді. "JENIMPAZ" үстел теннисі орталығының жаттықтырушыла- ры балаларды ойын негіздерімен, техника элементтерімен және ережелерімен таныстырды.
Жұмыс мектеп жасына дейінгі балалар арасында үстел
теннисін насихаттау, жас кезінен бастап спортқа және физикалық белсенділікке
деген қызығушылықты қалыптастыру, үйлестіруді, зейінді, реакция жылдамдығын және
ұсақ моториканы дамыту, тәртіптілікті тәрбиелеу, ұйымшылдық пен командада жұмыс
істей білу, сондай-ақ спорттық қабілеттерін ерте анықтау үшін жүргізіледі.
Балабақша тәрбиеленушілері үшін жаттығу процесі бірлескен кестеге сәйкес тұрақты негізде өтеді.

