6-7 маусым аралығында Астанада «Үстел теннисі фестивалі» ашық республикалық турнирі өтеді.
Турнирге қатысушылар жекелей сында «Кәсіпқойлар», «Әуесқойлар», «Спорт ардагерлері» санаттары бойынша бақ сынайды (ерлер: 40-49 жас, 50-59 жас, 60-69 жас, 70 жас және одан жоғары; әйелдер: 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары).

