Астанада қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген "үстел теннисі: бірге ойнаймыз" атты балалар иллюстрациялық кітабының тұсаукесері өтті. Жоба Қазақстан Үстел теннисі федерациясының қолдауымен жүзеге асырылды және балалар мен жасөспірімдер арасында үстел теннисін насихаттауға бағытталған.
Кітап
балалар арасындағы диалогтың қол жетімді және қызықты форматында жасалған. Оның
беттерінде жас оқырмандар:
үстел
теннисінің тарихын;
ойынның
негізгі ережелерін;
негізгі
техникалық элементтерін;
бүгін Қазақстанда үстел теннисі қалай дамып жатқаны
туралы әңгімені;
спорттың маңызды құндылықтары: құрмет, тәртіп, еңбекқорлық
және әділ ойынды табады.
Қазақстан Үстел теннисі федерациясының Вице-президенті Елсияр
Қанағатов:
"Бұл жоба біздің спортымыздың болашағы үшін үлкен маңызға
ие. Балалардың үстел теннисімен айналысып қана қоймай, ол туралы кітаптар оқып,
оның тарихы мен құндылықтарын түсінуі өте маңызды. Кітаптың екі тілде — қазақ және
орыс тілдерінде шығарылғаны ерекше құнды, бұл оны кең аудиторияға қолжетімді
етеді. Жобаны Қазақстанның үстел теннисі федерациясы толығымен қолдады, өйткені
біз: осындай кітаптар арқылы балалар спортқа тартылатынын, армандайтынын, дамитынын
және спортта ғана емес, өмірде де өз жолын табатынына сенімдіміз".
Кітаптың тұсаукесері Қазақстандағы балалар спорт әдебиетін дамытудағы маңызды қадам болды және үстел теннисінің балаларға қолжетімді, зияткерлік және дамытушы спорт түрі ретіндегі рөлін білдіреді.





