Кез-келген ірі халықаралық турнир 1/16 финалда атақты кіші ракетка шеберлерін жинайды. Катарда да осылай болды, ондағы WTT Star Contender турниріндегі 32 спортшының арасындағы алтауы әлемдік рейтингтің "ондығына", жетеуі "жиырмасына", ал қалғандары "50-ге" кіреді. Бүгінде Корея құрамасының көшбасшысы - әлем чемпионаттарының алты дүркін қола жүлдегері, Азия Ойындарының жүлдегері Чжон Ён Сикпен (суретте) жекпе-жек өткізген қазақстандық Кирилл Герасименко осы айтулы компанияда өзін сенімді сезінуде. Матч керемет өтті және үстел теннисінің ең жақсы қырларын Кирилл мен Ён Сик көрсетті: топ-спин, демеуіш, қалқа, жақсы айналдырып шабуылдау, үстелдегі төменгі айналдыру соққысы, допты жоғары айналдыру арқылы күшті соққы беру, жоғары жылдамдық, ең аз қателер. Есеп 3: 2, Чжон Ён Сик 1/8 финалына өтті.
Талап Қойбағаров