Үстел теннисі балабақшадан

25.02.2025

Шығыс Қазақстан облысының үстел теннисі Федерациясының қызметкерлері "Үстел теннисі балабақшадан" атты бағдарламасын дамыту аясында "Балапан" балабақшасында (Өскемен қ.) болып, кәсіби үстел орнатып, жаттығу процесіне арналған құрал-саймандарды сыйға тартты.

Балабақша басшылығымен үстел теннисі жаттығуларын тұрақты негізде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, бұл тек физикалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар балалардың шығармашылық ойлауын, сондай-ақ командада жұмыс істеу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.


Жаттығуларды 2 тәжірибелі тәлімгер өткізеді және жақын арада "Балапан" тәрбиеленушілері құрмет тұғырларын бағындыра бастайды деп үміттенеміз.


Талап Қойбағаров