Ақтөбеде облыстық үстел теннисі федерациясының, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен тек бастапқы кезеңде ғана Ақтөбе қаласының 20 мектепке дейінгі мекемесі мен облыстың 6 ауданынан 500 баланы қамтитын «Үстел теннисі бала бақшадан» жобасы жұмыс істей бастады. Бұл бастама 5-6 жастағы балаларды үстел теннисі арқылы дене шынықтыру және спорт әлеміне тартуға бағытталған, ол бірнеше міндеттерді шешеді:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайту;
- Балалардың қозғалыс және үйлестіру қабілеттерін, олардың
физикалық қасиеттерін дамыту (жылдамдық, күш, икемділік, буындардың қозғалғыштығы,
ептілік, төзімділік);
- Психикалық процестерді дамыту (қабылдау, ойлау, зейін,
есте сақтау);
- Жалпы моториканы дамыту;
- Ұйымшылдыққа, дербестікке, белсенділікке тәрбиелеу;
- Ерікті қасиеттердің көрінісі (батылдық, өзіне деген
сенімділік).
Үстел теннисімен айналысудың артықшылықтары көп.
Талап Қойбағаров