Ыстанбұлда жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайтын үстел теннисінен «WTT Contender Istanbul 2026» халықаралық турнирі басталды.
Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар төмендегідей нәтиже көрсетті:
Іріктеу кезеңі, жекелей сайыс, round 1.
Искендер Харки - Цзишань Лян (АҚШ) 3:1.
Сарвиноз Миркадирова - Тианер Ю (Англия) 1:3.
Темирлан Джиенбаев - Маэль Ван Дессель (Люксембург) 0:3.
11 қарашаға арналған матчтар
Жекелей сайыс, round 2.
Искендер Харки - Боргар Хауг (Норвегия).
Ерлер арасындағы жұптық сайыс, round 1.
Фанг Бо / Искендер Харки - Кан Дон Су / Лим Юно (Корея).
Аралас жұптық сайыс, round 1.
Фанг Бо/София Полканова (Қазақстан / Австрия) - Петё Крастев / Мария Йовкова
(Болгария).
Талап Койбагаров

