Алматыда "ADD USTEL TENNIS ORTALYGY" - да Қазақстан чемпионаты жалғасуда және бүгін командалық турнирдегі финалистер мен қола жүлдегерлер белгілі болды.
Ерлер, финал 19 наурызда.
Алматы - Шығыс Қазақстан
облысы.
3 орын Қарағанды облысы
(Алан Курмангалиев, Владислав Захаров, Амир Торгайбеков, Зиеджон Нурматов, Асылхан
Магзумбеков).
3 орын Ақтөбе облысы (Асет Сагимбаев,
Есенгелди Жанай, Ерасыл Гайнеденов, Адилет Биримгалиев, Рахман Конбаев).
Әйелдер, финал 19 наурызда.
Алматы-Қарағанды облысы.
3 орын Қостанай облысы (Юлия Даниярова, Алина Дубровская, Жания Бекмухамбетова, Алина Сураганова, Ксения Нестерова).
3 орын Шымкент (Амангелди Акниет,
Руана Шымкентбай, Гулноза Камилжанова, Ойдин Камилжанова, Томирис Косар).
Жартылай финалдың қорытындысы бойынша қызықты фактіні атап өткім келеді: Қостанай облысының әйелдер құрамасы соңғы рет ел чемпионатының медалін 15 жыл бұрын жеңіп алған болатын ("күміс"), ал Ақтөбенің ерлер құрамасы 2017 жылы "қола" жүлдені ұтып алды.
Талап Қойбағаров