28 мамырда Алматыда жазғы республикалық Универсиада бағдарламасындағы үстел теннисінен турнирі басталады. Қыздар арасында алты жоғары оқу орны, ал ұлдар арасында он жоғары оқу орны бақ сынасады. Қатысушылардың құрамы қомақты - бұл еліміздің 2020 жылғы абсолюттік чемпионы, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, спорт шебері Зәуреш Ақашева (Е. Букетов атындағы Қарағанды университеті), жеке есептегі республика чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының қатысушысы, спорт шебері Айя Әлімбаева (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті), 2021 жылғы ҚР Жастар спорттық ойындарының екі дүркін чемпионы, спорт шебері Санжар Жұбанов (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті), командалық есептегі 2020 жылғы ел чемпионы, спорт шебері Гаухар Алмағамбетова (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті) және басқалар. Күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жарыстар көрермендерсіз өтеді.
Суретте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт шеберлері Гаухар Алмағамбетова мен Айя Әлімбаева.
Талап Қойбағаров