Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның кіші ракетка шеберлері "Алматы Арена" Мұз Сарайында басталған "Оңтүстік астана" үстел теннисі бойынша Халықаралық турнирге қатысады. Он екі үстел, кең 12-мыңдық зал, тамаша жарық берулер, сапалы теннис, мықты техника, жылдамдық ойындарын көрсету үшін керемет жағдай жасалған. Жарыс қожайындарына мынадай қауіпті қарсыластармен Командалық есепте Ресей чемпионы Илья Жидков (Екатеринбург), жастар арасындағы Ресей чемпионы, РФ Кубогының қола жүлдегері Руслан Алчимбаев (Орынбор), командалық есепте Ресей чемпионы, РФ Кубогының қола жүлдегері Илья Березин (Орынбор), Өзбекстан чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Элмурод Халиков, командалық есепте Өзбекстан чемпионы Розалина Хаджиева, Өзбекстанның жеке есепте жүлдегерлері Камила Халикова, Мехринисо Норкулова, Мархабо Магдиева, "УГМК-Резерв" (Екатеринбург) клуб теннисшілері, Еуропа Жасөспірімдер біріншілігінің жеңімпазы Назакят Гараева (Әзірбайжан) сияқты бәсекелестермен жарысу қажет болуда.
Бүгін кіші
топтарда ойындар өтіп, турнирдің негізгі фавориті марапаттарға өз жолын жалғастыруда.
Илья Жидков (Ресей), 2018 жылғы "Оңтүстік астананың"
чемпионы: "Турнир өте
тартымды, мықты теннисшілер көп және барлығы жеңіске жетуді қалайды. Мен қайтадан
бірінші орын алуға тырысамын. "Оңтүстік астананы" ұйымдастырушылар біз
үшін тамаша, кең "Алматы Арена" залын дайындады, онда әлем, Азия
чемпионаттары мен әлемдік турлар өткізуге болады".
Камила Халикова (Өзбекстан), 2018 жылғы "Оңтүстік
астананың" күміс жүлдегері: "Мен бұл турнирге жиі қатысып, өткен жылы үйге күміс медаль алып
келдім. Бұл жолы нәтиже жақсарып, Өзбекстанға чемпион болып оралғым келеді. Оңай
емес, бірақ спортта жеңіл жеңістер болмайды".
Талап Қойбағаров