Сингапурда "WTT Singapore Smash" халықаралық турнирі өтуде және бүгін 1/16 финалда Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Әлем кубогының екі дүркін иегері, Азияның үш дүркін чемпионы, әлемнің үшінші ракеткасы Лин Шидонгпен (Қытай) кездесті.
Бұл матч өте қызықты болды, онда спортшылар шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Жылдамырақ, титулды Лин Шидонг бүкіл
ойында басым болды, 3-0 есебімен жеңіске жетті және 1/8 финалға шықты.
Жалпы, Кирилл Герасименко Сингапурда сәтті өнер көрсетті,
100 рейтингтік ұпай жинады, төрт рет сенімді түрде жеңіске жетті: Овидиу Ионеску (Румыния) 3:1, Маттиас Фальк (Швеция) 3:1, Сендрик
Нюйтинк (Бельгия) 3:2, Том Джарвис (Англия) 3:0.
Талап Қойбағаров

