Спорт төрешілері біліктілігін арттырады

07.10.2025

8-11 қазан аралығында "ADD Table Tennis Center Astana" - да спорттық төрешілер мен үстел теннисі бойынша төрешілер үшін семинар өтеді, оны "Gold Badge" халықаралық санатының төрешісі, XXXI Олимпиада ойындарының (Рио-2016), Әлем, Еуропа чемпионаттарының төрешілер корпусының мүшесі Елена Семёнова және "White badge" халықаралық санатының төрешісі, XXXI Олимпиада ойындарының (Рио-2016), Әлем, Еуропа чемпионаттарының төрешілер корпусының мүшесі Алексей Герасимов өткізеді.

Семинардың басты мақсаты-тәжірибе алмасу, спорт төрешілерінің біліктілігі мен кәсіби дайындығын арттыру. Төрешіліктің әртүрлі аспектілері бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізу көзделген.


Талап Қойбағаров