Спорт шебері

01.07.2025

Қазақстан жасөспірімдер мен жастар чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы, ҚР VI Жастар спорт ойындарының күміс жүлдегері, жұптық разрядта ел чемпионы Қадырәлі Қабдылуахитовке (Павлодар облысы) -Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен үстел теннисінен «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы берілді.

"Жоғары спорттық атағыңызбен құттықтаймыз! Шын жүректен жаңа жеңістерге жетуді, медальдарға қол жеткізуді, денсаулық, бақыт, бақ-береке тілейміз! Құрметпен, республикалық үстел теннисі федерациясының ұжымы, жаттықтырушылар кеңесі, спортшылар ".