Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Жоғары спорт шеберлігі мектебінде (ЖСШМ) үстел теннисі бөлімі ашылды.
Тәлімгерлер Арсмане Харки, Евгений Груздовтың жетекшілігімен 16 спортшы шеберліктерін арттырып, техниканы шыңдайтын болады және ол үшін Тараз қаласының "Үстел теннисі және гимнастика орталығында" жақсы жағдайлар жасалған: 12 "Doniс Waldner Сlassic 25" үстелі, 2 "Stiga Premium Compact" үстелі, жаттығу залы, кәсіби жабыны бар.
Бөлімшенің
басты міндеті - облыс және Қазақстан құрамасының негізгі құрамына спортшыларды
іріктеу және даярлау, оқу-жаттығу барысын жүргізу, спорттық нәтижелерді талдау,
теннисшілердің техникалық-тактикалық даярлық деңгейін арттыру болып табылады.
Талап Қойбағаров