Спорт допингке қарсы

23.04.2020

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің кешенді - ғылыми тобының үйлестірушісі Дина Сәттіқылышова мен Республикалық үстел теннисі федерациясы, Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабының, облыстардың аға жаттықтырушылары және ел құрама мүшелерінің қатысуымен "Допингке қарсы ережелер" тақырыбында онлайн форматында семинар өткізді. Осы жұмыстың мақсаты барлық мүдделі тұлғаларды допингке қарсы ережелер, тыйым салынған препараттар мен әдістер тізімі, сондай-ақ оларды қолданған кезде әкелуі мүмкін салдарлары туралы хабардар етуге бағытталған.

Талап Қойбағаров