Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Абулгазиннің бұйрығымен спорт директоры лауазымына Нұрсұлтан Беков тағайындалды.
Федерацияда
Нұрсұлтан 2018 жылдың қараша айынан бастап қызмет атқарады, ол халықаралық
байланыстар және спорттық жұмыстар жөніндегі менеджері болды. Қазақстанда
"2021 ITTF Kazakhstan International Open Karaganda", "WTT Сontender
Almaty 2022", "WTT Youth Contender Almaty 2023", "WTT
Contender Almaty 2023" өкілдік халықаралық турнирлерін ұйымдастыруға және өткізуге
ең белсенді қатысты.
Талап
Қойбағаров