Спорт бейбітшлік

06.05.2018

Осы жылдың сәуір айының соңында Корея еңбек партиясының төрағасы Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Инмен белгіленген аймақта кездескен болатын. Олар бір-бірімен сәлемдесіп қол алысты. Содан кейін Ким Чен Ын елді бөліп тұрған аймақтан өтті, ол Кореяның оңтүстік жағында болған ең бірінші КХДР басшысы атағына ие болды. Мун Чже Ин өз әріптесін «біздің төрағамыз Ким» деп атады және бұл іс-шара бейбітшілік нысанының белгісі деп айтты. Корей түбегіндегі достық тақырыбы шведтің Хальмстад қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан әлем чемпионатында өз жалғасын тапты. Екі елдің спортшылары бір біріне қарсы ойнаудан бас тартып қол алысты, алаңға шығып көрермендерге сәлем берді, бірігіп суретке түсіп және жартылай финалда бір команда болып Япония құрамасына қарсы шықты. Соңғы рет біріккен Корея болып олар оңтүстік Пхенчхан-2018 қысқы Олимпиядалық ойындарында өнер көрсеткен болатын, ал осыған ұқсас жағдай 1991 жылы үстел теннисі жарысында жапон қаласы Тибада болған болатын, онда біріккен Корея «алтын» жүлдені жеңіп алған еді. Тамаша, спорт соның ішінде үстел теннисі халықтар арасындағы достық және бейбітшілік нысаны болып табылады.

Жарыс бағдарламасына келетін болсақ, Қазақстанның шағын ракетка шеберлері Хальмстадтағы өз ойындарын аяқтады. Қазақстанның ерлер құрамасы екінші дивизионда (25 тен 48 орындар) үш рет жеңіске жетті (Люксембург, Иран, Пуэрто-Рико), Испания, АҚШ, Парагвайға ұтылып, нәтижесінде 41 орынға ие болды. 2016 жылы қазақстандықтар үшінші дивизионда ойнаған болатын және Швеция – 2018 де Кирилл Герасименко, Денис Жолудев, Тимур Келбұғанов, Бекұлан Жамал «Second division» барлық күш-қуатын өз мойындарында сезінді. Егерде біздің командамызда халықаралық дәрежедегі бір ғана теннисші (Кирилл Герасименко) болса, онда қарсыластардың қатарында мұндай спортшылардың саны екі-үштен болды және бұл фактор матчта маңызды роль атқарды, онда жеңімпаз соңғы бесінші партияда анықталады. Біз 25-ші орын алу үшін тырыстық, 36 орында болып қалуымыз мүмкін еді, нәтижесінде 41 болып жайғастық.

Құрамында Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева, Наталья Сладкова, Айя Әлімбаева бар Қазақстанның әйелдер құрамасы үшінші дивизионда 57-орынға ие болды (49-72 позицияларда). Олардың еншісінде Гватемала, Ливан, Иордания, Оңтүстік Африка, Әзірбайжаннан алған бес жеңіс бар, екі жеңіліс Индонезия, Норвегия және бұл көрсеткіш біздің құраманың бүгінгі күнгі нақты мүмкіндіктерін көрсетеді. Әлем біріншілік дебютанты Айя Әлімбаева екі матчта екі рет жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасының жаңа жаттықтырушысы Эльмира Әлиева, аға жаттықтырушы Дмитрий Переверзев, жаттықтырушы-кеңесші Дмитрий Левенко (Австрия) теннисшілердің ойындарын мұқият қарап шықты, олардың мүмкіндіктерін зерттеп, талқылауға жеткілікті ақпарат алды.


Талап Қойбағаров, Хальмстад қ.