5-7 шілде аралығында Қазақстанның астанасында Супер және Жоғары лигалардың Үстел теннисінен еліміздің ашық командалық чемпионатының екінші айналымы өтеді. Естеріңізге сала кетейік, наурыз айындағы Суперлигада "Жетісу" (Алматы облысы) командасы көш бастап тұр, ал екінші және үшінші орындарда "Шолақ Терек" (Қостанай облысы), "Ақтөбе" командалары орналасты. Одан әрі "Астана", ЦПОР (Шымкент), "Павлодар", "Альянс" (Бішкек), "Хван Ман Гым" (Өзбекстан), "Қостанай" командалары келе жатыр.
Жоғарғы лигада
екі топшаны және бірінші топты "Қарағанды - Астана"құрамаларының
біріккен командалары басқарды. Олардың артында «Жолбарыстар»
(Масаншы), «Ардагер» (Алматы), «Хван Ман Гым-2» (Өзбекстан), «Ертіс»
(Павлодар), «Топжарған» (Шымкент) және «Қарағанды-2» орналасты.
Екінші топшада
бірінші айналымның жеңімпазы "ОТМК-Резерв" (Екатеринбург, Ресей, суретте) клубы көш бастап тұр, ал
екінші орында "Қазаэроновигация" (Астана), және үшінші орында "Мартөбе"
(Шымкент) командасы келе жатыр. Төртінші, бесінші, алтыншы,
жетінші позицияларда тиісінше "Сұңқар" (Шымкент), "Аttaka"
(Қарағанды), "Rozeno" (Ақтау), "Юность" (Алматы)
командалары бекінді.
Талап
Қойбағаров