Жақында Астанада Қазақстан Республикасы Спартакиадасы бағдарламасындағы үстел теннисі турнирі аяқталды, оның нәтижелері республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Бұл еліміздің барлық аймақтарына міндетті болатын өте маңызды спорттық жарыс, ал Спартакиададағы жеңісті алдағы спорттық өмірге жолдама деп санауға болады. Турнир қорытындысы бойынша республикадағы үстел теннисінің даму суреті көрінеді, алдағы төрт жылға талдау жасауға болады, ары қарай келесі Спартакиадаға дейін. Және де теннисші мамандардың алдында қандай көзқарас тұр? Жасөспірімдер және кадеттер арасындағы Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченко: « Бәрінен де көзге жарық болып түсетін ол Шымкенттің прогрессі. Жуықта ғана жасөспірімдік жастан шыққан Бекұлан Жамал, енді Қазақстан ұлттық құрамасының сатысында ойын көрсетуде және Астанада жақсы нәтиже көрсетті. «Мықты сегіздіктің» қатарында спорт шебері нормативін орындаған 16-жасар Ырысбек Артұқметов болды. Бақдәулет Әкімәли – елдің жасөспірімдер құрамасының көшбасшыларының бірі. Сарвиноз Мірқадірова 2005 ж.т ., қола жүлдені жеңіп алды және командалық есепте, жұптық және аралас разрядтарда Шымкент құрамасына көмектесті. Мәлика Ілхамжановада жақсы ойын көрсетті. Шымкент командасы жас, келешегі бар.
Күмәнсіз басқа да облыстарда жақсы теннисшілер бар. 18-жасар Қарағандылық Зәуреш Ақашева екінші орынды иеленді және республиканың ұлттық құрамасының көшбасшысы. «16 мықтылардың» арасына 2004 ж.т Темірлан Ким кірді. Батыс Қазақстан облысының құрамы жаман емес, және мен оларды осы Спартакиадада жақсы ойын көрсететіндеріне сеніммен қарадым. Жамбыл облысы да белсенді дамуда. Ескендір Харки, 2003 ж.т.,негізгі финалға түсіп және Қазақстанның алдағы теннисшілеріне лайықты қарсыластық көрсетті. Шығыс Қазақстан үшін жасөспірімдер құрамасының көшбасшысы 2003 ж.т . Сағантай Құрмамбаев өнер көрсетуде. Ол жұпта, командада тамаша ойнады. Барлық жасөспірімдер командасының теннисшілері өз күштерінше ойнады және ұлттық құраманың спортшыларына жақындап келеді.
- Келесі Спартакиада4 жылдан кейін. Сіздер
көшбасшы ретінде, құрмет тұғырында кімді көргілеріңіз келеді?
-
Евгений Тимченко:«4 жылдан
кейін не болады? Көп нәрсе жаттықтырушылардың, спортшылардың, спорт шенеуніктерінің
жұмыстарына байланысты болады. Мен өзім құрмет тұғырында 18-20 жастағыларды
көргім келеді, олар Кирилл Герасименкоға бәсекелестік көрсетер еді және оған
төрт алтын медальді оңайлықпен жеңіп алуға мүмкіндік бермес еді.
- Спартакиадада Кирилл Герасименконың ойын көрсететіні
белгілі болған кезде, көптеген Қазақстан аймақтарынан келген жаттықтырушылардың
көңіл-күйлері аздап түсіп кетті, өйткені Астанаға ол 4 алтын жүлде беретінін
олар түсінді.
- Евгений Тимченко:«Мен қуандым, өйткені Кирилл Спартакиадада біздің
спортшыларға «мастер-класс» берді. Көбі онымен ойынға шықты, халықаралық
деңгейдегі теннисшінің қарсыластығын өздерінде сезінді. Көрермендер,
жанкүйерлер оның ойынынан ләззат алды. Бастысы Кирилл Герасименко барлығына
неге ұмтылу керектігін және қайда бару керек екендігін көрсетті. Бұл тамаша».
Қазақстанның ұлттық
құрамасының аға жаттықтырушысы, аралас разрядтағы1986 жылғы КСРО
халықтарыныңСпартакиадасы чемпионы Дмитрий Переверзев өз ойымен бөлісті:«Спартакиада
өте маңызды іс-шара және ол кеңес заманынан есімде. Спортшылар еселеп
дайындалады, өздерінің барлық жақсысапаларын көрсетуге тырысады. Облыстар тек
күшті теннисшілерін алып келеді – онда жастар, және тәжірибелі қатардағы
ардагерлер де бар. Әрине әр қашықтықтың өз көшбасшысы бар, алайда болашағы бар
жастар келіп жатыр, олар үлкен теннисшілерге жақындап қалды және оларға
бәсекелестік құрады. Екі ойыншыны айта кетейін: Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент),
ол ақырын қадаммен алдыға, жоғары жылжуда. Ол жеңіске жетуде, өз деңгейін
ұстауда және күшеюде. Ұлдар арасында бұл Қарағандылық Алан Құрманғалиев 2007
ж.т, ол әрдайым өсуде, өсуде және өсуі қуантады.
Қазақстан
ұлттық құрамасының ойыншылары өз мәртебелерін дәлелдеді және құрмет тұғырында
орындарды иеленді. ЗәурешАқашева (Қарағанды) – ол әлі жас, бірақ біздің
құраманың көшбасшысы болды, Ресей Суперлигасында сәтті ойын көрсетуде.
Біздің
Федерациямыздың басшылығы үнемі аймақтарға шығып, үстел теннисінің бөлімшелерін
ашуда, құрал-саймандар алуға көмектесіп тұрады және сондықтан да елімізде үстел
теннисі болады және ары қарай дамиды деп сенемін. Негізгі біздің проблемамыз – облыстарда
білікті жаттықтырушылардың жетіспеуі. Үстел теннисі бір орында тұрмайды
сондықтан тәлімгерлерге қолдарын тамыр ырғағында ұстаулары қажет. Егерде бізде
тәжірибелі мамандар пайда болса, онда оларды қызықтырып көмектесу керек.
- Спартакиада –Будапеште өтетін әлем чемпионатына
қатысуға ел құрамасына іріктеудің соңғы кезеңі. Құрам белгілі ме?
- Дмитрий Переверзев:«Құраммен анықталып қойдық. Ерлерде ол Кирилл
Герасименко, Денис Жолудев, Тимур Келбұғанов және Бекұлан Жамал. Әйелдерде Анастасия
Лаврова, Зәуреш Ақашева, Гүлчехра Құсейінова. Спартакиададан кейін барлығы
үйлеріне қайтып кетті және өз орындарында әлем чемпионатына дайындалуда.
Гүлчехра Құсейінова Португалия турнирінде өнер көрсетті және қазір Мадейра
аралында екіапталық оқу-жаттығу жиынына қалды.Зәуреш Ақашева австрияның Линц
қаласына ұшып кетті, көруге және сонда 10 күн бойы жаттығатын болады. Бұған
бізге Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко
(Австрия) көмектесті. Зәурешке австриялық клубтар назар аударатын шығар деп
үміттенеміз.
Наурыздың
басында біздің теннисшілеріміз, құрама мүшелері Магнитогорск қаласында ресей
Суперлигасының үшінші турында ойын көрсететін болады, ал ерлер сондай-ақ үшінші
турда, бірақ Нижний Новгород қаласында. Содан кейін «Оман Оупен» турнирі және
сәуірде әлем чемпионатының алдында біз ресей Суперлигасының төртінші турында
Қазан қаласында (әйелдер) және Мәскеуде (ерлер) өнер көрсететін боламыз.
Гданьскіде Польшаның ұлттық құрамасымен бірге қысқа жиын өткізіп және сол
жақтан әлем чемпионатына Будапешт қаласына шығамыз.
- «Спартакиададан Олимпиадаға» деген жақсы ұранды білемін.
2020 жылы Токиода жаздық Олимпиадалық Ойындар өтеді. Осы бойынша қандай
ойларыңыз бар?
- Дмитрий Переверзев:«Олимпиада тақырыбына Венгрияда өтетін әлем чемпионатынан
кейін ораламыз, бірақ келесі нәрсені айтамын: біліктілік турнирлері 2020 жылы
басталады және біз әрине Токиоға жолдамалар Қазақстанның шағын ракетка
шеберлерінде болады деп сенеміз».
Талап Қойбағаров